10 июня 2025 г. 19:20
Ақтөбеде екі баласын өлтірген әйелге сот үкімі шықты
29 жастағы әйелге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмады. Оның психикалық ауруы анықталғандықтан, мәжбүрлі түрде арнайы емдеу мекемесіне жіберіледі.
Алматы, NEGE. Сағыз ауылында тұратын келіншек бұған дейін де балаларын өлтіруге әрекеттенген. Осыған байланысты жолдасы оның ата-анасына хабар берген. Кейін олар қызын екі баласымен бірге Қандыағаш қаласына алып кеткен.
Алайда олар оңаша қалған сәтте әйел 11 айлық және 3 жастағы балаларын тұншықтырып өлтірген. Бұған дейін ол мұғалім болып жұмыс істеген, соңғы жылдары бала күтімімен үйде отырған.
Айыпталушы денсаулығына байланысты сот отырысына қатыстырылмады. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, оған суицидтік тенденциялары бар паранойдты шизофрения диагнозы қойылған.