Ақтөбеде дзюдодан Қазақстанның іріктеу чемпионаты өтеді

Ақтөбеде 15-18 қараша аралығында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Федерация баспасөз қызметінің ақпараты бойынша жарыстар «Қоныс» спорт кешенінде өтеді және оған Қазақстанның 17 облысы, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 500-ге тарта спортшы қатысады.

Чемпионат нәтижелері бойынша жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталады. Төрткүндік бағдарлама аясында қатысушылардың ішінен жеті салмақ категориясы бойынша ең мықты деген спортшылар анықталады.

Одан бөлек аралас командалық жарыстар өтіп, жеңімпаз атанған спортшы Қазақстан Кубогін иеленеді.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр