Ақтөбеде ауруханадағы әйелді палатадағы көршісі алдап кеткен

Ақтөбеде ауруханадағы әйелді палатадағы көршісі алдаған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға ақтөбелік әйел алаяқтық фактісі туралы арызданды. Оның айтуынша, осы жылдың сәуір айында ол ауруханада емделіп жатқан кезде палатадағы көршісінен телефонға қосымша орнатып беруді сұраған.

 Күдікті жәбірленушінің телефонынан 2 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеп, өз шотына аударған. Жәбірленуші бұл туралы банктен несиені төлеу туралы хабарлама келгенде ғана білген. Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе облысының 51 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін