Ақтөбеде анасына араша сұраған бес бала баспанамен қамтылады

Есболатовтар отбасындағы 5 баланы баспанамен қамту мәселесін Ақтөбе қаласы әкімдігі шешеді. Облыс әкімі Асхат Шахаров тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Ақтөбе әкімдігінде балалар қауіпсіздігі, арнайы мекемелердің жауапкершілігі мәселесі қаралды.

«Бес баланың тағдыры. Мәселені өздері жеткізіп отыр. Бес баланы орналастыру керек. Қалған мәселелерді біз қолға аламыз, одан бас тартпаймыз. Біз үшін ең маңыздысы - бес баланың болашағы. Егер заң бұзушылық болса, жауапқа тартылады. Балалардың тағдыры тікелей бақылауымда болады», - деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі Ақтөбе қаласының әкімдігі бес балалы отбасыны баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуі тиіс екенін хабарлады.

Еске салсақ, Есболовтар отбасындағы 5 бала қазір өздерін қолдаған еріктінің үйінде тұрады. Ал анасы Жұлдыз Тлеуф өзінің жүйке ауруына шалдықпағанын растау үшін Алматыдағы емдеу орталығында тексеріліп жүр.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды