Ақтөбеде алты қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Ақтөбелік құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді.

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақтөбедегі Тұрмағанбетов көшесінде алты қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтердің балконы өртенді.

«Жедел келген өрт сөндіру жасақтары оттың пәтерге және жоғары орналасқан балкондарға таралуына жол бермей, өртті 4 шаршы метр алаңда сөндірді», – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр