Ақтөбеде ақша бопсалаумен айналысқан студенттер ұсталды

Ақтөбеде ақша бопсалаумен айналысқан студенттер тобы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция

Адматы, NEGE. Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының аумағында бопсалаумен айналысқан оқу орындарының бірінің студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады.

Күдіктілер күш көрсетіп қорқытып, Ақтөбе қаласында колледж студентінен ірі көлемде ақша бопсалаған. Күдіктілер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақшалай қаражатты алғаннан кейін ұсталды.

Топ болып жасалған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Мұндай қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады