Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратынан шыққан өрт 300 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.

ТЖМ

Астана, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ғимараттың үш тұсында өрт анықталған.

«Өртті сөндіруді үлкен аумақта оттың қарқынды таралуы, жанғыш материалдардың болуы, қатты түтін, жоғары температура және ғимараттың конструкциялық ерекшеліктері қиындатты», – деп түсіндірді ТЖМ.

Өртті сөндіруге 140-тан астам қызметкер мен 40-қа жуық техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірбиесімен мемлекеттік сатып алуға қатысқан

Almaty Superski таңдаулы топқа арналған курорт ретінде қабылданбауы керек – Аида Балаева

Атырау тұрғындары қаладағы ауа сапасына шағымданды: экологтар тексеру жүргізді

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді