Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимаратынан өрт шықты. Құтқарушылар шатырда тұтанған өртті сөндіріп жатыр.

ТЖМ

Астана, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен.

«Өрт сөндірушілер жоғары шақырту рангы бойынша жұмыс істеп жатыр.


Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық жою үшін барлық шаралар қабылдануда. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Адамдарды эвакуациялау жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді