Ақтөбеде 35 жастағы әйелді бұрынғы танысы пышақтап кеткен

Ақтөбеде 35 жастағы әйел пышақ жарақатынан қаза тапты. Облыстық полиция қызметі әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталғанын хабарлады.

polisia_aqtobe/instagram.com

Астана, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм әйел бұрын таныс болған. Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстың себептері анықталуда», – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.