«Әлеуметтік желіде танысқан қыз жалдамалы пәтерге шақырған» – 25 жастағы жігіттен 2 миллион теңге бопсалағандар ұсталды

Ақтөбеде ақша бопсалаған жас жігіттер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 9 ақпанда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 25 жастағы жігітті қорқытып, 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілерді ұстады.

Тергеп-тексеру барысында күдіктілер бұрын сотталған екі жергілікті тұрғын мен 19 жастағы бойжеткен екені анықталды. Олар алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушіні бопсалау схемасын құрғаны белгілі болды. Жас жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан қыз оны жалдамалы пәтерге шақырған. Кейін бұл жерге күдіктілер келіп, өздерін құқыққорғау огандарының қызметкері ретінде таныстырған. Олар бойжеткеннің кәмелетке толмағанын және жігіттің оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскенін хабарлап, жігіттен 2 миллион теңге бопсалаған.

Ұсталғандар кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр