Ақтөбе тұрғыны БТР патронын тауып алды

5 қыркүйек күні 102 арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, өз үйінің ауласында жер қазып жатып, бронетранспортердің патронына ұқсас затты тауып алғанын айтты.

Алматы, NEGE. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іздестіру іс-шараларын өткізді. 

Тексеру барысында БТР зениттік қондырғыларының жиырма сантиметрлік патроны анықталды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.