​ Ақтөбе тұрғыны банктің жалған қызметкерінен алданып, 22 миллион теңгесінен айырылды

Ақтөбе тұрғыны банктің жалған қызметкерінен алданып, 22 миллион теңгесінен айырылып қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе, NEGE.   Портал мәліметінше, 30 мамырда тұрғынға банк қызметкері болып танысқан ер адам қоңырау шалған. Алаяқ мұндай операция банк жүйесінде қалыпты екенін айтып, шотты қауіпсіздендіру үшін телефонға келген SMS-кодты айтуын сұраған. Кодты алғаннан кейін алаяқ бүкіл ақшаны жәбірленушінің картасынан басқа банк шотына аударып алған. Жалпы шығын 22 миллион теңгеден асқан.

"Қазіргі уақытта факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша ("Алаяқтық") соталды тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.