Ақтөбе облысында жеткіншектер пышақтасқан
Ақтөбе облысының Ембі қаласы ауруханасына пышақталған жас жеткіншек жеткізілді.
Алматы, NEGE. 16 жастағы жаралы азаматты медициналық мекеме алдына белгісіз біреулер тастап кеткен. Дереу іздеу шарасына кіріскен полицейлер күдікті ретінде жәбірленушінің құрдасын ұстаған. Тәртіп сақшылары екеуара кикілжің болып, соңғысы пышақ ала жүгіргендігі анықтады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленуші дәрігерлердің бақылауында.