Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік айдаған
Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік жүргізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. 25 желтоқсанда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері сағат 08:00 шамасында Ақтөбе – Орынбор автожолының 75-шақырымында Шахман жүк көлігін тоқтатқан. Жүк көлігін Мәртөк ауданының 45 жастағы тұрғыны басқарған.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің бұрын 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды, соған қарамастан ер адам қайтадан есірткіге масаң күйінде көлік жүргізген.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.