Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

29 желтоқсанда сағат 18:50-де Әйтеке би ауданы, "Қарабұтақ - Қостанай" тас жолының 132-ші шақырымында жолаушылар автобусы аударылып, ондағы шетел азаматтары төтеншеліктердің көмегімен аман-есен эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы, NEGE. Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.

Жолаушылар "Екатеринбург-Шымкент" бағытындағы автобуста болған. Оқиға орнында аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімі қызметкерлері болды. Өзбекстанның 32 азаматы Т.Жүргенов ауданындағы мешітке эвакуацияланды, - деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райындағы өзгерісті қадағалауға, ауа райының нашарлауы және жолдардағы көлік қозғалысына енгізілген шектеулерге дер кезінде көңіл бөліп, алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді