Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік отбасы қайтыс болды
29 наурыз күні Ақтөбе-Астрахань автожолында Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан бас жолға шығып, Datsun автокөлігімен соқтығысқан.
Алматы, NEGE. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және оның 49 жастағы әйелі, Ресей Федерациясының азаматтары оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.