Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды
16 мамыр күні Самара – Шымкент автожолының 824 шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti автокөліктері соқтығысқан.
Алматы, NEGE. Салдарынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ Chevrolet автокөлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.
ЖКО фактісіне қатысты тергеу басталды.