Ақтөбе облысында мал іздеуге шығып жоғалған 2 ер адам табылды
4 ақпанда сағат 20 шамасында 112 құтқару қызметіне Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің 71 разьезінен 2 ер адам мал іздеуге шығып, оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алматы, NEGE. Жедел іздестіру нәтижесінде 23 сағат ішінде құтқарушылар күшімен елді мекеннен 15 шақырым жерде жоғалған 39 және 23 жастағы ер адамдар табылды.