Ақтөбе облысында құтырма ауруына байланысты карантин жарияланды

Ақтөбе облысында 4 жастағы баланы тістеген түлкіден құтырма ауруы анықталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Оқиға 4 шілде күні болған. Баланың әкесі сол ауылда шаруа қожалығын басқарады. Бала отбасымен бірге өзенге шомылуға барған кезде қамыс арасынан түлкі шығып, шабуыл жасаған. 

Шұғыл түрде баланы Қобда ауданындағы ауруханаға жеткізіледі. Түлкі баланың мұрны, маңдайы және қабақ тұсынан тістеп алған. Сондай-ақ оның жамбасы мен балтырында, самай аймағында тырнақ ізі қалған.

Ал түлкіні өлтіріп, сараптама жіберген. Сараптама нәтижесінде жануардан құтыру ауруының белгісі анықталған. 

4 шілдеде болған жағдайдан кейін ауруханаға шұғыл жеткізілген баланың денесінде жара пайда болған. Қазір оның жағдайы қалыпты. «Емдеу 28 күнге созылады» дейді дәрігерлер. А, түлкіні өлтірген. Осыдан кейін шаруа қожалығында 21 күндік карантин жарияланды. Ауылдан мал әкеліп, ет-сүт өнімдерін сатуға да тыйым салынып отыр.

– Аудандық инспектор Қобда өзенінен 10 шақырым жерде орналасқан «Ертемір» шаруа қожалығына шектеу шарасын енгізу туралы шешім қабылдады. Біз қазір бұл ауданда екпе салу мен сауықтыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Күлсара Жақыпова.