Ақтөбе облысында қасқырды мотоциклімен қуып, шынжырмен өлтірген ер адамның үстінен іс қозғалды

Ақтөбе облысының полицейлері әлеуметтік желілерді талдау барысында бейнежазбада қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамды анықтады, деп хабарлады Полиция.

Алматы, NEGE.  Ырғыз ауданы ПБ-нің қызметкерлерімен ауданның 37 жастағы тұрғыны анықталды.

Ұсталған адам қасқыр оның малына шабуыл жасамақ болған, ол қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен өлтіргенін түсіндірді.

Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.