Ақтөбе облысында кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды.

Алматы, NEGE. Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Күдіктілердің үшеуі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, қамауға алынды.