Ақтөбе облысында ақбөкен аулаған ер адам ұсталды
3 ақпан күні Шалқар ауданы кезекші бөліміне 'Охотзоопром' инспекторынан аудан орталығынан 190 шақырым жерде Қызылорда облысының 46 жастағы тұрғыны заңсыз аң аулағаны үшін ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Полиция.
Алматы, NEGE. Жедел-тергеу тобы 2 ақбөкеннің етін, мотоцикл, 16 калибрлі ИЖ-К тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 16 калибрлі патрондар мен пышақ тәркіледі.
ҚР ҚК 337-бабының 4-бөлігі "Заңсыз аңшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-на қамалды.