Ақтөбе облысында 5 медициналық қызметкер пневмониядан қайтыс болды

Ақтөбе облысында медбике мен төрт медицина қызметкері пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин хабарлады.

Алматы, NEGE. "Ақтөбе облысы бойынша, өкінішке қарай, бізде бір медбике мен әртүрлі деңгейдегі төрт медициналық қызметкер қайтыс болды. Пневмониядан көз жұмған", - деді Оразалин брифингте.

Оның айтуынша, қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақы кейінірек төленеді.

"Коронавирустық инфекциядан қайтыс болу бойынша өтемақы төлеу мәселесі комиссия қорытындысы шыққаннан кейін шешілетін болады", - деп түсіндірді ол.

Қазір оқып жатыр

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті