Ақтөбе короновирустың екінші толқынына дайындалып жатыр

Инфекциялық аурулар диспансерінің ғимараты жөнделіп, қажетті дәрі-дәрмек қоры жасақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Қосымша медициналық құрылғылар сатып алынуда. Ал, жұқпалы ауруларды қабылдайтын стационарда 25 адамға шақталған жаңа реанимация бөлімі дайын тұр. Науқастарды қабылдайтын аурухананың бұл ғимаратында енді тек халі мүшкіл күйде түскендер емделетін болды. Күрделі жөндеуден кейін реанимация бөлімі осында көшірілген. Бір мезетте 25 жанды қабылдауға қауқарлы. Тиісті медициналық құралдармен жабдықталып, оттегі желісі құбыр арқылы әрбір кереуетке жеткізілді.

«Бұған дейін оттегі баллондарын әрбір науқастың қасына тасып жүруге тура келетін. Енді орталық оттегі жүйесі арқылы қамтамасыз етілетін болды. Бұл өте ыңғайлы. Қажет болған жағдайда кереуеттердің қасындағы құрылғылар арқылы қосыламыз. Инфекциялық аурухананың негізгі ғимараты да қайта жөнделуде», – дейді бас дәрігердің орынбасары Майра Нұрғалиева.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты