Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары тергеуге алынды
Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары аса ауыр жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары мен ЖШС өкіліне қатысты тергеуді бастады.
Шенеунік аталған ЖШС өкілінен қала аумағын абаттандыру бойынша жасалған келісім сомасынан 100 млн теңге көлемінде пара алған. Ол осы пара арқылы 2020 жылғы тендерде қамқорлық көрсетуге тиіс болған. Тергеу жалғасып жатыр. Бұдан басқа мәлімет жария етілмейді.
«Айыптылардың кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады» делінген хабарламада.