«Ақтөбе – Нөкіс» бағытында жаңа әуе қатынасы ашылады

«Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасы ашылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесуінде айтылды.

Алматы, NEGE. Тараптар биылғы жылдың 29 шілдесінен бастап аптасына 2 рет жиілікпен «Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында аптасына 32 рейс орындалады.

Кездесуде екі ел арасындағы транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, атап айтқанда, жүк тасымалын ұлғайту, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін