Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында 20 наурызға қараған түні жаппай төбелес болып, салдарынан кәмелетке толмаған бір жігіт көз жұмды.

depositphotos.com

Астана, NEGE. 17 жастағы Әлихан пышақ жарақатынан қаза болды, деп жазады «Диапазон» басылымы.

Марқұмның тәтесінің айтуынша, ол үйіндегі ортаншы бала болған әрі әскерге баруға дайындалып жүрген.

«Бәріміз есеңгіреп қалдық. Әлихан өте пысық, адамдармен тез тіл табысатын бала еді, сырқат әжесіне ерекше қамқорлық жасайтын. Ұзын бойлы, сымбатты жігіт болатын. Әскери борышын өтеп, оқуын жалғастыруды, отбасына көмектесуді армандайтын. Ал енді біз оны жерлеуге бара жатырмыз. Ол отбасындағы ортаншы бала еді. Артында ағасы мен қарындасы қалды. Біздің қандай күй кешіп отырғанымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес», – дейді ол.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Кәмелетке толмағандардың қатысуымен олардың бірінің қайтыс болуына әкелген жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысқан барлық адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауға алынды», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция өкілдері кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?