Ақтөбе облысында шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті анықталды

Ақтөбе облысында шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға 37 жастағы кәсіпкер алаяқтық бойынша арызданды. Оның айтуынша, белгісіз тұлға өткен жылдың соңында Toyota Alphard көлігін шетелдік есептен қазақстандық есепке қайта ресімдеуге көмектесетінін айтып, 566 мың теңге сомасында ақшасын иемденген.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған адам кінәсін мойындады.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктінің облыста осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Айта кетсек, шетелдік автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 30 желтоқсанында аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді