Ақтөбе облысында шет ел азаматтары мінген автобус аударылып, бес адам қаза тапты

Қайғылы жағдай 7 желтоқсан күні таңертең болған. Самара – Шымкент тасжолының Ақтөбе облысы аумағындағы бөлігінде жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты.

gov.kz

Астана, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, Самара  – Шымкент тасжолымен Қызылорда облысына қарай беталып бара жатқан жолаушылар автобусы Әйтеке би ауданының Ұлғайсын ауылы маңында апатқа ұшыраған.

Автобус салонында Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Олар Пермь – Ташкент бағытымен кетіп бара жатқан.

Жол апаты салдарынан 5 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы 11 адам түрлі жарақатпен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.