Ақтөбе облысында ірі қара қандай індеттен қырылып жатыр?

Ақтөбе облысында 4 бас ірі қара белгісіз аурудан өлді.

ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Оқиға Көптоғай ауылдық округіндегі «Мәтжан» шаруа қожалығында тіркелген. Аймақтағы шаруа қожалығына карантин енгізілді. Бұл туралы Диапазон басылымы хабарлады.

Ветеринарлар оқиға орнына барып, өлген малдан сынама алып, облыстық зертханаға жіберді. Онда сараптама малдың эмкардан өлгенін көрсетті.

«Өлген жануарлардың денелері қорымға жеткізіліп жойылды, қалғандары бақылауда», – деді ветеринария басқармасынан.

«Мәтжан» шаруа қожалығында 243 бас ірі қара, 762 бас ұсақ мал, 7 жылқы бар. 27 ақпанда Көптоғай ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруашылықта карантин енгізілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?