Ақтөбе облысында көлікте тірідей өртеніп кеткен 10 жастағы қыздың өліміне қатысты тың мәліметтер шықты

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөн ауылында көлік ішінде өртеніп кеткен 10 жастағы қыздың өліміне қатысты тың ақпараттар белгілі болды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 28 тамызында ауылдық округ әкімдігінің ақпаратынша, қайтыс болған қыздың анасы мектепте мұғалім, әкесі – жергілікті кен орнында қызмет атқарады. 

10 жастағы қыз үйдегі үш баланың кенжесі болған. Үлкені жақында үйленген, екінші ұлы мектеп оқушысы, ал 10 жастағы қыз ауруына байланысты үйде оқыған.

Сол күні ата-аналар Хромтаудан келіп, көлікті аулаға қойып, үйлеріне кірген. Ал, қыз ойнауға көшеге шыққан. Біраз уақыттан кейін көршілер көліктің өртеніп жатқанын хабарлады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін қызыл жалынды олар өз беттерінше сөндірген.

"Өрт сөндіру барысында автокөліктің ішінен жасөспірімнің жансыз денесі анықталды", - делінген төтеншеліктер таратқан мәліметте. 

Қазір оқып жатыр

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды