2 октября 2024 г. 4:50

Ақтөбе облысында көлік тасымалдап бара жатқан жүк көлігі өртеніп кетті

Фото: ТЖМ

Қобда ауданында «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолда 6 жеңіл автокөлігі бар автовоз өртенді, деп хабарлайды ТЖМ.

Алматы, NEGE. Автовоздың мотор бөлігінен басталып, тиелген автомобильдерге көшкен өрт толығымен жойылды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 3 жеңіл автокөлік өрттен құтқарылды.

Өрт сөндіру кезінде 1996 жылы туған автокөлік жүргізушісі және 1994 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматын күйік шалып, олар ТЖ күшімен аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге табысталды.