Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Ақтөбе облысына қарасты Кеңкияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов 6 мамыр күні өз үйінде өлі күйінде табылды. 

gov.kz

Астана, NEGE. Облыстық әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, ол 4 мамыр күні қызметтен босату туралы арыз жазып, 5 мамырда ресми түрде қызметтен кеткен.

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы 1983 жылы туған ер адамның қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген полиция хабарламасында.

Қуанышбек Серікжанов Кеңқияқ ауылдық округін 2023 жылғы қазан айынан бері басқарып келген. Оған дейін әкімнің орынбасары қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр