Ақтөбе облысында қайтарымсыз несие алмақ болған кәсіпкер алаяққа алданып қалды

Ақтөбе облысында қайтарымсыз несие алмақ болған кәсіпкер алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Полицияға алаяқтық фактісі туралы кәсіпкер әйел жүгінді. Оның айтуынша, достары таныстырған бейтаныс әйел оған 5 млн теңге сомасында қайтарымсыз грант алуға көмек ұсынған. Күдікті өз қызметі үшін 1 млн теңге сұраған.

Жәбірленуші ұсыныстан бас тарта алмай, қажетті соманы күдіктінің шотына аударған. Полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 46 жастағы ақтөбелікті анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ұсталған адамның ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды.

Полиция департаменті азаматтарды бейтаныс адамдармен қаржылық операциялар жасау кезінде мұқият болуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?