Ақтөбе облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақтөбе облысында боранды күнде жол бойында қалған 269 адам эвакуацияланып, 150-ден астамы құтқарылды, деп хабарлады 24.kz.

24.kz

Алматы, NEGE. Олардың арасында 14 бала мен шетел азаматтары да бар. Төтенше жағдай департаментінің өкілдеріне бұл жолы жергілікті атқарушы органдардан өзге, Ақтөбе әскери гарнизонының қызметкерлері де көмекке келді.

Қар құрсауынан шығарылғандар бірқатар аудандағы жылыту пункттеріне орналастырылды. Қазірдің өзінде облыс бойынша 7 республикалық және облыстық маңыздағы жолдар жабық. Жедел штаб жұмыс істеп тұр. Ал мамандардың айтуы бойынша, өңірде бүгін де ауа райы нашарлауы мүмкін.


Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді