Ақтөбе облысында бұланды заңсыз атқан тұрғын анықталды

Ақтөбе облысында бұланды заңсыз атқан тұрғын жазаланды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 14 шілдеде Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық шаралар жүргізу барысында заңсыз аңшылық дерегін анықтады.

Полицейлер Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңында далалықта бұланға ұқсас жабайы жануарды сойып жатқан ер адамды байқады. Тексеру барысында 30 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысып, бұланды атып алғанын айтты. Күдіктінің Lada-21214 автокөлігінен тіркелген ойық ұңғылы карабин қаруы табылып, тәркіленді. Полиция заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік құралы аудандық полиция бөлімінің аумағына қойылды. 

Заңсыз аңшылықпен айналысқан күдіктінің мүлкі тәркіленуі мүмкін, сонымен қатар үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?