Ақтөбе облысында болған жол апатынан 12 адам қаза тапты

23 қазан күні Самара – Шымкент бағытындағы автожолдың Белқопа ауылы маңында ауыр жол-көлік оқиғасы болды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, DAF жүк көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жолаушылар мінген «ГАЗель» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан екі жүргізуші мен «ГАЗель» көлігіндегі 10 жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Оқиға орнына бірден полиция, төтенше жағдайлар қызметі және медициналық жедел жәрдем бригадалары жетті. 

Алдын ала деректерге сәйкес, DAF маркалы жүк көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Егеуқұйрық уы анықталды делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды