Ақтөбе облысында балаларға бұрыш баллонын шашқан жасөспірім қамалды

Ақтөбе облысында екі балаға бұрыш баллонын шашқан жасөспірім уақытша қамау изоляторына қамалды.

Полиция

Алматы, NEGE. Жасөспірім Қазақстан мен Ресей шекарасынан өтпек болғанда ұсталған еді.

«Балаларға қарсы газ құтысын қолдану фактісі бойынша ұсталған кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салайық, оқиға 6 шілдеде болған еді. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірімнің балалардың жанына келіп, бұрыш баллонын сепкенін көруге болады.

Сондай-ақ видеода күдікті «1488» деген сандарды атаған. Аталған сандар неонацистер мен ұлтшылдардың құпия ұраны болған.

 

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан