Ақтөбе облысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Ақтөбе облысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алға қаласының тұрғыны түрлі қызметтерді көрсетемін деген сылтаумен алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бір жағдайда ол жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде беріп, 1,3 млн теңге иемденген. Екіншісінде осындай сылтаумен, сондай-ақ автокөлікті шетелдік есептен қазақстандық есепке қайта рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, басқа азаматтан 1,2 млн теңгеге жуық қаражатты қалтаға басқан.

Екі факті бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?