Мүмкін, суицид: Ақтөбе облысында әкім қайтыс болды

Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов қаза болды.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық полиция департаменті растады.

«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу бабына сүйенген полиция өкілдері өзге ақпаратты жариялаған жоқ.

Бейресми деректерге қарағанда, 46 жастағы әкімнің мәйіті 20 желтоқсан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында табылған. Ол сол күні достарымен кездескен. 

Айта кетейік, Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне 2024 жылғы маусым айында тағайындалған.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр