Ақтөбе облысында 600 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақтөбе облысында 600 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы ҚР АШМ мәлім етті.  

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы Жер ресурстарын басқару департаменті ҚР АШМ ЖРБК Мартөк ауданындағы шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде, ауданы 592 га болатын егістікке арналған жер телімі бірнеше жыл бойы пайдаланылмағаны анықталды.

Жер учаскесі иесіне заңбұзушылықтарды жою және жерді игеру туралы міндетті нұсқама берілді. Алайда, нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, департамент Мартөк аудандық соты арқылы шаруашылыққа 70 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің жерді мәжбүрлеп қайтарып алу туралы талап-арызын қанағаттандырды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?