Ақтөбе облысында 45 адамнан шошқа тұмауы анықталды

Ақтөбе облысында 45 адамнан шошқа тұмауы анықталды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Науқастардың саны аз уақыт ішінде екі есеге көбейген. Сондықтан санитар мамандар вирустың алдын алу үшін шектеулер енгізе бастады. Яғни медицина мекемелерінің қызметкерлері бетпердемен жүруі тиіс.

Балабақшалар мен мектептердегі ахуал да бақылауға алынды. Бір апта ішінде облыс бойынша жедел респираторлы вирусты инфекциямен 12 мың тұрғын ауырған. 

Қазан айынан бастап Ақтөбе облысында ЖРВИ мен тұмау белгілері бойынша 101 мыңнан астам адам дәрігерге жүгінген. Санэпидемиологтардың мәліметінше, күзде тұрғындардың тек 14 пайызы тұмауға қарсы екпе салдырған. Науқастардың басым бөлігі - 14 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар жүкті әйелдер арасында да 291 вирус инфекциясы тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды