Ақтөбе облысында 34 адам қар құрсауында қалған

ТЖМ баспасөз қызметі Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 34 адам құтқарылғанын мәлімдеді. 

ҚР ТЖМ

Алматы, NEGE. Түн ортасында Ырғыз ауданының аттас ауылынан 15 шақырым жерде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылар ішінде қалған 15 адамды, оның ішінде 2 баланы жылыту пунктіне эвакуациялады.

Таңға жақын жоғарыда аталған жерде құтқарушылар қар құрсауынан жол талғамайтын көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, оны ең жақын елді мекенге дейін ертіп барды. Салонда 3 адам болды.

Сондай-ақ, Әйтеке би ауданында «Жүргенов-Сарат» автожолында 3 автокөлік қар құрсауында қалып, ішіндегі 2 баланы санағанда 12 адам құтқарылып, Жүргенов ауылына жеткізілді.