Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалімнің өлімі тергеліп жатыр

Желіде Ақтөбе облысында жас мұғалімнің өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.

depositphotos.com

Астана, NEGE. Желідегі ақпаратқа қарағанда, марқұм Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекші мектебінде тарих пәнінен сабақ берген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Nege.kz-ке бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Темір аудандық полиция бөлімі 2002 жылы туған азаматтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – дейді полиция өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов қайтыс болғанын жазған едік. Бұл қазаға байланысты желіде әкім «өз-өзіне қол жұмсаған» деген ақпарат тараған еді.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр