Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппараты құлап, соның салдарынан өрт шықты.
Астана, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, техника құлағаннан кейін шамамен 500 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртенген. Оны оқиға орнына келген құтқарушылар толық сөндірді.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында табылған ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектерін тексеріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Айта кетейік, бұған дейін де еліміздің батыс өңірлерінде осындай жағдай тіркелген. Наурыз айында Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды. Алайда ол оқиға бойынша нақты мәліметтер әлі жарияланған жоқ. Өткен жылы Бөкейорда ауданы Ұялы ауылында белгісіз ұшу нысаны анықталғаны хабарланған.