Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: қылмыстық іс қозғалды

Облыс әкімі Асхат Шахаров әкімдік ғимаратынан шыққан өрттің себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылғанын, оған қоса тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

ТЖМ

Астана, NEGE. Сондай-ақ, өңір басшысы төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ екенін, медициналық көмекке ешкім жүгінбегенін атап өтті.

«Түстен кейін мамандардың көп бөлігі өз жұмыс орындарына оралады. Оған дейін мемлекеттік қызметтер онлайн, үздіксіз көрсетіледі», – деп мәлімдеді Шахаров Facebook желісіндегі парақшасында.

Әкім қалпына келтіру жұмыстарының нақты жоспары әзірленіп жатқанын, әр кезеңнің орындалуын тікелей өзі қадағалайтынын жеткізді.

Ғимараттың техникалық жағдайын толық анықтау үшін мамандар жұмылдырылды. Ғимараттың тек шатыры жанған, ал алтыншы қабаттағы кабинеттерге айтарлықтай зақым келмеген. 

Соңғы рет әкімдікке 2022 жылы жөндеу жүргізілген, бірақ ол кезде тек жұмыс кабинеттері жаңартылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды