3 февраля 2020 г. 11:30
Актер Жандос Айбасов шаңырақ көтерді
Отандық кино саласында жүрген бойдақ актерлердің қатары бір санға азайды. «Зәуре», «Он и Она», «Кенже» атты фильмдер арқылы танылған Жандос Айбасов отбасын құрды.
Бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып актердің өнердегі әріптесі Ерден Телемісов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Жандостың таңдауы Марина есімді бұрымдыға түсті. Беташар рәсіміндегі суреттермен бөліскен өнер өкілдері жас жұбайларды құттықтап, қуанышымен ортақтасты. Олардың арасында Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновте бар.