Актер Мэттью Перридің неден қайтыс болғаны белгілі болды

«Достар» (Friends, 1994-2004) сериалындағы Чендлер Бинг рөлімен танымал актер Мэттью Пэрри кетамин әсерінен джакузиге батып қайтыс болған. Бұл туралы жұма күні CNN телеарнасы Лос-Анджелестегі сот-медициналық комиссия басқармасының сою туралы есебіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы, NEGE. Есепте Перри қанынан табылған кетаминнің жоғары мөлшері оның өліміне жүрек-қан тамыр жүйесінің шектен тыс соғып, тынысы тарылғаны себеп болғанын көрсетті, деп хабарлайды Kazinform.

Актер күйзеліс пен үрейшілдіктен ем алып жатқаны, оның ішінде тамырға кетамин салынғаны атап өтілген.

54 жасында бақиға аттанған Перридің мәйіті 28 қазанда Калифорния штатындағы үйінен табылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді