11 марта 2020 г. 17:43

Актер Берік Айтжанов 41 жасқа толды

Фото:
Бүгін театр және кино актері,

«Құлагер» Ұлттық киносыйлығының иегері Берік Айтжановтың туған күні.

Алматы, NEGE. Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында туған. 2004 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық факультетін бітіріп,  Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек жолын бастады. Сахна саңлағы тек театрда емес, кино әлемінде де жиі төбе көрсетіп жүр. Ол осы уақытқа дейін «Мұстафа Шоқай», «Ағайынды», «Ликвидатор», «А»-ға оралу»,  «Ағайынды-2», «Жеңіс семсері», «Жаужүрек Мың бала», «Анаға апарар жол» сынды бірнеше фильмде басты рөлдің бірін сомдады.  

2016 жылы елбасының жарылығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. 2018 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты атанды. Ендеше, өнер иесіне шығармашылық табыс тілейміз!

Тегтер: