Ақтауға жаңа әкім тағайындалды
Ақтау қаласының әкімі болып Ұлықбек Тналиев тағайындалды.
Алматы, NEGE. Өз еркімен кеткен қала әкімі Ербол Ізбергеновтің орнына кандидатты Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ұсынған.
"ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілген жаңа Ақтау әкімі кандидаты Ұлықбек Тналиев болды", - делінген хабарламада.